«Эйр Астана» ұшағының қозғалтқышы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында жанып кетті деп хабарлайды «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметі.
«15 қыркүйек күні «Атырау-Астана» бағытында рейс жасаған Эйр Астана» компаниясының Airbus А320 ұшағы тұраққа бұра бергенінде сол жақ қозғалтқышы жана бастады. Бортта 91 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған», – деп мәлімдейді компанияның баспасөз қызметі.
Ресми деректерге сай, жапа шеккендер болмаған. Қазіргі таңда әуе компаниясының инженерлік қызметі ақау шыққан жерін анықтауда. Осыдан кейін тергеу жұмыстары басталады. Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі болған оқиғаның видеосын Facebook желісіндегі парақшасына жүктеген.
Дереккөз: Stan.kz