Жаңалықтар 17.09.2018 сағат 03:35  586

Ақтөбеде Қытай компаниясында жарылыс боп, ер адам көз жұмды

Ақтөбеде Қытай компаниясына тиесілі мұнай қоймасында жарылыс боп ер адам қайтыс болды деп жазады Sputniknews.kz.

Ақтөбеде Қытай компаниясында жарылыс боп, ер адам көз жұмды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

10 қыркүйек күні «CNPC — Актөбемұнайгаз» қытай компаниясының мұнай қоймасында жарылыс болды. Салдарынан 49 жастағы газбаллон таситын жүргізуші және мұнай құю санциясының 2 операторы жараланды. Жүргізуші «жағдайым жақсы» деп ауруханадан шықты. 2 оператордың бірі қайтыс болды. 30 жастағы ер адамның денесінің 50 пайызы күйік шалған. Денесінің 85 пайызы күйген 50 жастағы әйел қазір ауыр хәлде.

Оқиғаның анық-қанығын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ техникалық қауіпсіздіктің қаншалықты сақталғаны да тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар