Павлодарда 12 және 14 жастағы 2 жеткіншек жоғары вольтті тоққа түсіп қайтыс болды деп жазады pavlodarnews.kz.
Оқиға 16 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00 шамасында болған.
Куәгерлердің айтуынша, жеткіншектің бірі футбол ойнайтын алаңды қоршап тұрған тор темірге шығып, тоқтың сымдарын шұқылаған. Ал жанындағысы темірді ұстап қарап тұрған.
«Дәрігерлер 2004, 2006 жылы туған екі жеткіншектің тоққа түсіп қайтыс болғанын айтты. Екеуі екі отбасының балалары», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.