17.09.2018, 08:38

«Темекі шегесің бе?»: 4-сынып оқулығындағы мәтін ата-аналардың ашуына тиді

4-сынып оқулығындағы повестен үзінді ата-аналардың ашуына тиді деп жазады Диапазон.

Орыс әбедиеті пәніндегі оқулықта балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым қожа» атты повесінен үзінді берілген. Онда бұзақы Сұлтанның Қожаға: «Темекі шегесің бе?» деген диалогы бар. Дәл осы тұсы ата-аналарға ұнамай қалды.