Жаңалықтар 17.09.2018 сағат 10:32  1477

Майк Тайсон Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегі аяқтала сала оның нәтижесіне қысқаша түсініктеме берді деп хабарлады Sports.kz.

Майк Тайсон Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

– Тамаша жекпе-жек. «Канело» жеңді. Тартысты кездесу болды.

– Сіз «Канелоның» жанкүйерісіз бе?

– Иә.

– Испан тілінде бірдеңе айта аласыз ба?

– Hola (сәлем).

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 16 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті. Головкин карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, барлық белбеуінен айырылды. Сондай-ақ, біздің отандасымыз Бернард Хопкинстің орта салмақтағы титулдарын қорғау саны бойынша тарихи рекордын бұза алмады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар