Ақтөбеде Қытай компаниясына тиесілі жанармай таситын көлік жарылып, 2 оператор қаза тапқан. 38 жастағы Серікбай Палуановтың отбасы марқұмды жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр деп жазады Мой ГОРОД.
Ер адамның артында 5 баласы қалған. үлкені — 14, кішісі — 2 жаста.
«Дәрігерлер жағдайының ауыр екенін айтса да, оның тірі қалатынына еш күмәнданбадық. Тыныс алып жатты. Бірақ қайғыдан қан жұтып қалатынымызды кім білген», – дейді марқұмның ағасы Көмекбай Палуанов.
Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күні «CNPC — Актөбемұнайгаз» қытай компаниясының мұнай қоймасына мұнай таситын көлік жарылып, 2 оператор қайтыс болған.