$ 481.84  531.33  5.07

«Облыстық деңгейге ауыстырылды»: Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі апелляцияда қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі апелляцияда қаралып жатыр, облыстық деңгейге ауыстырылды. Оның адвокаты мен біздің Қытайдағы консул үнемі байланыста. Қытай заңдарына сәйкес, онда дәл осы істі апелляциялық сотта қараудың белгілі бір мерзімі қарастырылмаған. Енді Қытай тарапынан хабар күтеміз. Шешім шыққан кезде міндетті түрде хабарлаймыз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Мұның алдында аппеляциялық сот қазақстандық қыздың өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өзгерткен болатын.

Еске сала кетейік, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталды. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін, оны біреулердің беріп жібергенін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары