18.09.2018, 11:29

5 адам зардап шекті: Шымкентте трактор тіркемесі аударылып кетті

Шымкентте трактор тіркемесі аударылып, 5 адам жапа шекті деп хабарлайды TVK арнасы.

Оқиға бүгін таңғы сағат 9 шамасында болған. Трактор мен Howo жүк көлігі (самосвал) соқтығысқан. Абырой болғанда, трактор тіркемесіндегі гүлзар 5 жұмысшыны өлімнен қорғап қалған.

Зардап шеккен 3 ер адам мен 2 әйел ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, трактор жүргізушісі Howo-ны озып кетіп жолын кескен.

Оқиғанын мән-жайы тексеріліп жатыр.