$ 494.87  520.65  4.91

Рудный әкімінің орынбасары өз әйелін босандырып алды

Қостанай облысында Рудный қаласы әкімінің орынбасары Денис Петрухно әйелін өзі босандырып алуға мәжбүр болды деп жазады Sputniknews.kz.

Ерлі-зайыпты Петрухно баласының ауруханада дүниеге келгенін қалаған, сондықтан перинаталды орталыққа уақытылы барған. Алайда онда оларды әйелдің толғағы келмеген деп қабылдамаған. Шенеунік әйелімен бірге үйге қайтуға мәжбүр болады, осы кезде толғақ басталған.

Олар ауруханаға үлгермей қалған – әйелді автокөлікте күйеуі босандырып алды. Ерлі-зайыпты перзентханаға жаңа туған қызымен бірге келді.

Денис Петрухно қалай қобалжығанын әзірге журналистерге айтып бергісі келмей отыр.

«Әйелім жарады! Егер мен осылай болатынын білсем, кітап оқып, курстарға барушы едім. Мүмкін қалай болғанын содан кейін айтып берер ме едім», — деді шенеунік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары