$ 448.56  478.03  4.79

Кикбоксингтен Еуропаның 5 дүркін чемпионы өлі табылды

Кикбоксингтен бес дүркін Еуропа чемпионы Диана Каратеева Абакан қаласындағы (РФ) өз үйінде өлі күйінде табылды деп хабарлайды Хакасия Спорт министрігінің баспасөз қызметі.

«Диана Каратееваның жансыз денесін үйіне келген достары көріп, шұғыл реанимациялық бригаданы шақырған»,- деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, 23 жастағы спортшы қызға иіс тиіп уланған. Әзірше бұл оқиғаның өзге егжей-тегжейі айтылмай отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары