$ 489.06  536.21  5.05

«Канелоның» промоутері Головкинмен үшінші айқастың болатынын мәлімдеді

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Инстаграмда мексикалық Сауль Альваресті Геннадий Головкинді жеңгенімен құттықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, ол болашақта жанкүйерлердің жекпе-жектің үшінші бөлігін тамашалай алатындарын атап өтті.

«Канело», құттықтаймын! Мексикалық чемпион. Головкин, сен тамаша боксшысың, керемет чемпионсың. Жалғасын көреміз бе? Иә, әрине көреміз. Бірақ, ең алдымен - «Канело» чемпион. Бәрін басынан бастаймыз», - деді Де ла Хойя.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас Вегас қаласында өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды. Олардың бірінші айқасы былтыр тең нәтижемен аяқталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары