Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің Т+1 есебімен АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 363,61 теңгені құрады деп хабарлайды KASЕ.
Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 6,87 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 361,9, ал ең жоғарысы - 366 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 33,05 млн долларға жетті.
Т+1 есебімен сейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 370,48 теңге, күндізгі сессияда 368,62 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 369,36 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 70,7 млн долларды құраған.
Дереккөз: ҚазАқпарат