$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай тұрғыны мотоциклмен ер адамды 4 жасар қызымен қағып кетті

Қостанай тұрғыны мотоциклмен жаяу жүргіншілер жолағында кетіп бара жатқан 56 жастағы ер адамды 4 жасар қызымен қағып кетті деп жазады kstnews.kz.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Оқиға Бекмағамбетов пен Жұмысшылар көшесінің қиылысында болған.

«1962 жылғы ер адам кеше кешке қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Басы, денесі жарақаттанған, сынған. Ал қызы облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр», — делінген хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, мотоцикл жүргізушісі де ауруханаға келіпті. Жарақаты ауыр болмағандықтан ол үйіне қайтарылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары