20.09.2018, 08:54

Жерлеуге ақша таппаған: Астанада қытай сөмкесінен табылған әйелдің күйеуі ұсталды

Астана қалалық ІІД қызметкерлері әйелінің мәйітін сөмкеге салып, тастап кеткен ер адамды қолға түсірді деп хабарлайды Stan.kz.

Қалалқ ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қыркүйек күні Астанада «Шанхай» базарынан табылған сөмке ішінде әйел адамның денесін болған. Анықтай келе марқұмның 26 жастағы Өзбекстан азаматшасы екені белгілі болды. Әйел туберкулез дертінен қаза болған. Полицейлер 30 жастағы ер адамды ұстады. Ол марқұм әйелмен азаматтық некеде болған. Ортақ екі жастағы ұлы бар.

Күйеуі әйелін жерлеуге ақшасы болмағандықтан мәйітті сөмкеге салып, базарға тастап кеткенін айтты. Өзі қаладан қашып, Түркістан облысында ұсталды. Ал, балалары танысының қолында болған. Ол бейімдеу орталығына жеткізілді.