$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев әуежайында жол жүктерін иесінің рұқсатынсыз ашып тастау дерегі көбейген

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы Н. Назарбаев Халықаралық әуежайында жолаушылардың жеке мүліктерінің ұрлануына жол бермеуге бағытталған жұмыс жүргізді деп хабарлайды Baq.kz.

Нәтижесінде жол жүру барысында, оның ішінде Қазақстан аумағынан тыс жерде иесіз ашылған жолжүктердің 80 дерегі анықталды.

Прокуратураның үйлестіру жұмысының арқасында уәкілетті органдар мен әуежай қызметтерімен азаматтардың мүліктерін қорғау үшін бірқатар ұйымдастырушылық шаралар анықталып, бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.

Әуежайдың жүктер бойынша қызмет көрсету жұмысындағы енгізілген негізгі жаналық – Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жүк бөлімінде күнделікті кезекшілік атқарады, тиеп-түсіру жұмысы барысында бейнетіркеу құралы қолданылады, бейнебақылау жүйелерін жаңғырту арқылы әуежай аймақтарындағы «жасырын» жерлерді жоққа шығару. Аталған іс-шаралар әуежайдан тыс жерлерде жасалған қылмыстардың тіркелуін болдырмауға және олар бойынша қылмысты қудалау органдарымен негізсіз тексерістер жүргізбеуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде жеке мүліктерді және жүктерді ұрлау деректері 60% төмендеді (40-тан 16-ға дейін).

Сонымен қатар, аталған шара барысында 8 қылмыстық құқықбұзушылық ашылды, оның 7-уін әуежай жұмыскерлері жасаған. Екі жұмыскерге қатысты айыптау үкімі шығарылды. Қалғандарына қатысты іс сотпен медиация тәртібінде қысқартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары