Алматыда жедел жәрдем дәрігерін соққыға жыққан Түркия азаматы кепілмен босатылды деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем жүргізушісіне жұдырық жұмсаған ер адамға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол тұтқындалғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Алайда тергеуші күдіктінің қамауға алынуына қол жеткізе алмады.
«Бүгін ол сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде бұлтартпау шаралары тағайындалуы үшін Алмалы аудандық прокуратурасына тапсырылды. Айта кетсек, істің өндірісін жүргізіп жатқан тергеуші прокурорға қамауға алу туралы өтініш берді. Алайда аудандық прокурор тергеушінің өтінішхатын қолдаудан бас тартып, осыған байланысты күдіктіге қатысты «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – дейді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының басшысы Рустам Әбідрахманов.
Ведомство мәліметінше, тергеу басқармасы күдіктіні қамауға алудан бас тартқан аудандық прокурордың шешіміне қарсылық танытпақ.
Естеріңізге сала кетсек, 18 қыркүйекте Алматыда түрік жігіті егде жастағы жедел жәрдем жүргізушісін ұрып тастаған еді. Артынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Дереккөз: Stan.kz