21 қыркүйек күні Нью-Йоркте 52 жастағы әйел балабақшаға шабуыл жасады деп жазады argumenti.ru.
 
                52 жастағы әйел балабақшаға басып кіріп, 5 адамды пышақтаған. Олардың үшеуі балабақша тәрбиеленушісі. Екеуі ересек адам. Бір сәбидің жағдайы ауыр.
Нью-Йорк полицейлері күдікті әйелді тұтқындады. Қазір оның бұл қадамға не үшін барғаны анықталып жатыр.