Жаңалықтар 22.09.2018 сағат 04:31  813

«Қызына тиіскен»: Таразда соққыдан көз жұмған 16 жастағы баланың өліміне қатысты мәліметтер шықты

Шар үшін өлтірді! Таразда 16 жастағы жасөспірімді жазым қылған бір топ жігітке іздеу жарияланды. Олар қаланың қақ ортасында студенттің жағынан ұрып құлатып, ізін суытқан деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Қызына тиіскен»: Таразда соққыдан көз жұмған 16 жастағы баланың өліміне қатысты мәліметтер шықты
Көрнекі сурет
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, көңілді кештен шыққан төрт жігіттің жанындағы екі қыздың бірінің қолындағы шарды жанынан өткен жігіттердің бірі жарып жіберген. Бұған жасөспірім шамданып қарсы шығады. Сол сәтте оған бұзақының бірі иек астынан қатты соққы жасап, тас жолға сұлатқан. Жерге оңбай құлаған жасөспірім сол жерде жан тапсырды. Тәртіп сақшылары күдіктілерге іздеу жариялап, аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтып отыр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар