Жаңалықтар 22.09.2018 сағат 05:22  732

Ақмола облысында түлек мектепке 14 млн теңгелік жылу қазандығын орнатып берді

Ақмола облысының Есіл ауданында, Заречный ауылдық орта мектебінің түлегі білім ошағына су жаңа жылу қазандығын сатып әперді деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Ақмола облысында түлек мектепке 14 млн теңгелік жылу қазандығын орнатып берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кәсіпкерлікпен айналысатын жас жігіт мұндай игі іске 14 млн теңге жеке қаржысын жұмсапты. Жаңа қазандықты сатып алып қана қоймай, өзі орнатқызған. Ал мектепке осы уақытқа дейін жылу беріп келген бұрынғы пеш әбден ескірген екен. Жаңадан қойылған қазандықтың ерекшелігі – ол отынға үнемді әрі ауаға да зиянды қалдықтарды көп бөле қоймайды. Яғни арнайы сүзгісі бар. Жалпы аталған білім ошағында 160 бала оқиды.

«Бұрынғы ескі қазандықпен қысты қауіп-қатермен өткізетінбіз. Жыл сайын жөндеп, әбден әбігерге түсетін едік. Енді міне, ол күннің бәрі артта қалды. Ал мектеп түлегінің бұл қайырымдылығы басқаларға үлгі боларлық іс. Нағыз патриотизм мен туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің белгісі», - дейді Заречный ауылдық орта мектебінің директоры Екатерина Сапарова.

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар