$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысы халқының саны 800 мыңға жуықтады

Қызылорда облысы халқының саны 789,8 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы – 44,3%, ауылдық жердегі – 55,7%. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2 мың адамға өскен. Аймақтағы халық арасындағы туу көрсеткішінің жоғарылығы байқалады. Осы жылдың 7 айында 10981 сәби дүниеге келіп, 2547 адам өлімі тіркелген. Туу көрсетікішінің есебінен халықтың табиғи өсімі 8434 адамды құрады деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекееваның қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.

Сонымен қатар, жиын барысында департамент басшысы халықтың ақшалай табысы мен шығыс көрсеткіштерін баяндап берді.

«Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың 2 тоқсанында халықтың ақшалай табысы 121,6 мың теңгені құрады, бұл 2017 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 10,9 пайызға жоғары. Есептік кезеңде ақшалай шығыстардың құрылымының тұтыну шығыстары – 92,4%, кредит пен борышты өтеу – 4,1%, туыстары мен таныстарына материалдық көмек, алименттер және басқа төлемақылар – 3,5%-ды құрады», - деді Мариям Баекеева.

Оның айтуынша, халықтың тұтыну шығыстарының жалпы құрылымының жартысынан көбін (58,8%) азық-түлік тауарлары, 23,2% азық-түлік емес тауарлар, 18,8% - ақылы қызметтер құрады. 2018 жылдың 2 тоқсанында облысымыздың халқы, орташа адам басына шаққанда азық-түлік тауарларына 63,0 мың теңге жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,4% жоғары.

Дереккөз: BNews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары