13.08.2015, 06:36

Ата заңға адалмыз

www.24.kz

«Батыс» Өңірлік Қолбасшылық әскерлеріне қарасты гарнизонында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 – жыл толуына байланысты «Конституцияға адалмыз акциясы» іс-шарасы Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонында жалғасын тапты.

Іс-шараны ҚР ҚӘ Бас қолбасшысының орынбасары полковник Хасенов Жумабек Хасенұлы ашты. Ол өз сөзінде: «Конституция ол біздің саясы, мәдени, рухани және әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың қайнар көзі». Тәуелсіздік жылдарындағы табыстардың барлығы Атазаң аясында жүзеге асты. Осы жылдар ішінде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, кәсіби әскер құруға үлкен көңіл бөлінді. Бүгінгі күні мемлекетіміздің қарулы күштері заман талабына сай ел қауыпсіздігінің қалқаны. 25744 әскери бөлімінің командирі гвардия подполковнигі Толықбаев Ерболат Қапанұлы

Конституцияны қабылдау еліміздің құқықтық жүйесін, өзегін қалыптастыруға мүмкіндік берген тағдырлы таңдау болды. Бүгінгі Конституция Қазақстандық мемлекеттіліктің тиімді дамуын қамтамасыз еткен заңның үстемдігі мен сәтті мемлекет саясатынан іске асырылуының әйгілі көрінісі. Конституция қоғамның ілгерілмелі дамуының кепіліне айналып, тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негізгі қағидаттарын бекітті. Біз Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері Ата Заңда бекітілген ұлттық қауіпсіздікті, еліміздің тыныштығын қорғауға әрдәйім дайынбыз.

Конституция күніне орай мынадай номинация бойынша әскери қызметшілерге Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары табысталды.

«Ең үздік отбасы» номинациясы –25744 әскери бөлімінің инженерлік қызметінің бастығыгвардиякапитан Тұяқбаев Маулет Мейрамбекович (жұбайы Елеусизова Гулзада).

«Ең үздік рота командирі» номинациясы25744 әскери бөлімінің 3-ші теңіз жаяу әскері ротасының командирі гвардия капитан Ақынбекұлы Бақберсін.

«Ең үздік взвод  командирі» номинациясы25744 әскери бөлімінің 2-танк ротасының 1-ші взвод командирігвардия аға лейтенант Темирбеков Жандос Байкенұлы.

«Ең үздік батальон сержанты» номинациясы25744 әскери бөлімінің танк батальон сержанты гвардия3 сынып сержанты Мусин Асхат Муратұлы.

«Ең үздік рота сержанты» номинациясы25744 әскери бөлімінің 1-ші теңіз жаяу әскері ротасының сержанты  гвардия сержанты Есмуханов Қайрат Ағыбайұлы.

«Ең үздік взвод сержанты» номинациясы25744 әскери бөлімінің 2-ші теңіз жаяу батальоны отпен қолдау ротасының взвод сержанты гвардия сержант Ашурбеков Абдімәлік Даниярұлы.

Акцияның жалғасы 2015 жыл 18 тамыз күні Шымкент қаласында, 2015 жыл 24 тамыз күні Өскемен қаласында өтеді.

 
Тегтер: Ата заң