$ 490.84  536.88  5.04

Қырғыз премьері алкоголь ішіп, ұшақта шу шығарған вице-министрді жұмыстан қуып жіберді

Сеул әуежайында Алматыға Air Astana әуе компаниясы жолаушылар ұшағының кестедегі уақытынан кешігіп ұшуына кінәлі болған Қырғызстан еңбек және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Зууракан Каденова қызметінен босатылған. Каденованы отставкаға жіберу туралы өкімге Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев қол қойған деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Бұған дейін Оңтүстік Корея әуежайында Алматыға баратын ұшақтан жолаушыларды түсуге мәжүр еткен. Қырғыз парламентінің депутаты Аида Исмаилова Facebbok әлеуметтік желісіндегі парағында жолаушылар ұшағы «біздің бір министрлігіміздің жоғары лауазымды шенеунігін қатты мас күйінде ұшақ салонынан түсіре алмағандықтан» кестедегі уақытынан кешіккен деп жазған.

Азаттық Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі Кылычбек Сұлтановпен сөйлесті. Ол ұшақта Зууракан Каденованың болғанын растады. «Елшілікке дипломатиялық паспорты бар азаматымыздың ұшақта мас күйінде болғаны және ұшақтар түскісі келмегені туралы ақпарат түсті. Консул мен тағы бір қызметкеріміз әуежайға шықты. Бір-екі сағатта олар әуежайға жеткен. Ол ұшақтан түспей отырып алғандықтан, оларға жолаушылардың бәрін түсіріп, қайта тіркеуден өткізуге тура келген. Ұшақ кешігіп ұшқан», - деп хабарлады Кылычбек Сұлтанов.

Қырғызстан президенті аппараты баспасөз қызметінің жетекшісі Толгонай Стамалиева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бүгін өзіне Сеулдегі оқиғаға байланысты журналистер хабарласып, Каденованың президент Сооронбай Жээнбековке қатысы туралы сұрағанын айтты. «Ол [Каденова] президенттің туысы емес екенін ресми түрде хабарлаймыз», - деген Стамалиева.

Алматы әуежайының ресми сайтындағы ақпаратта Air Astana әуе компаниясының K-910 рейсі Сеул әуежайынан кешігіп келгені айтылған. Ұшақ Алматыға кестеде көрсетілгендей жергілікті уақытпен 16:45 кезінде емес, 18:07-де қонған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары