$ 481.84  531.33  5.07

Жыныстық қатынасқа неше жастан бастап түсу керек?

Қазақстаннан өзге мемлекеттерде неше жастан бастап жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат беріледі?

Әр елдің өз заңы болатындықтан, жыныстық қатынас мәселесіне келгенде де бірталай айырмашылықтар анықталып жатады. Мәселен, Қазақстанда ер азаматтарға 18 жасынан, ал қыздарға ата-анасы рұқсат берген жағдайда 16 жасынан некеге тұруға рұқсат етілген. Ал Германияда 14 жастағы жеткіншектер ересек өмір бастап, жыныстық қатынасқа түсе алады.

Румыния елінің заңнамасы болса, 13 жастағы жеткіншектердің жыныстық қатынасқа түсуін еш әбестік санамайды. Ал Италия 13 жастағы жеткіншекке серіктесі құрдас немесе жас айырмашылығы аса үлкен емес болған жағдайда жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат етілген.

Түркия елі жыныстық қатынасқа түсу жасын 18-ге дейін көтерсе, Ирландия 17 жасты ақылға қонымды деп тапқан. Ресей, Белоруссия Балтық елдерінде тек 16 жасыңнан жыныстық қатынасқа түсе аласың. Ал Эстонияда - 14 жас.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары