Беларусьтың құқыққорғау органдары бұрынғы тәжік футболшысы 43 жастағы Парвиз Турсуновты ұстады. Ол 2011 жылы сақалына бола ойыннан қуылған деп жазады centralasian.org.
Парвиз 18 қыркүйекте Минск әуежайында ұсталды, оның әйелі мен төрт баласын Украинаға жіберген.
Бұрынғы футболшының әйелі Сайёра Субхонованың айтуынша, соңғы бірнеше жылда олар Дубайда тұрған, бірақ тіркелудің қиындығынан еуропалық елдердің біріне көшуді жөн көрген. Оның айтуынша, күйеуінің Дубайда тіркелу мерзімі аяқталған, сол себепті отбасы Түркияға баруды жөн көрген. Бірақ ол елде те тіркеле алмаған. Үш айдан соң Украинаға, кейін Беларусьқа жолға шыққан.
Паривизді шекарада тексеріп, оны кабинетке жүруін сұраған. Одан соң әйелі күйеуін көрмеген. Үш күн бойы әйел балаларымен әуежайда болған, сосын оларды Украинаға қайтарған.
"Парвизді тыйым салынған "Салафия" қозғалысына қатысы бар деген күдікпен іздеудегілер тізіміне қосқан", - деп түсіндірді футболшының әйелі.
Бірнеше жыл бұрын Тәжікстанның құқыққорғау органдары Парвизді салафизмге айыптап, оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғаған. "Бәрі сақалдан басталды. Оған сақалды қырмасаң, футбол ойнамайсың" деген талап қойды. Ол футболды тастады", - дейді әйелі.
Парвиз Турсунов Тәжікстандағы "Хайр" (Вахдат) клубының мықты ойыншысы болды.