$ 487.37  532.94  5.09

АҚШ азаматы Қазақстан ІІМ генералын бизнесін тартып алды деп айыптады (ВИДЕО)

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері АҚШ азаматының Павлодар облыстық ІІД басшысы Амантай Әубәкіровті рейдерлік жасады деп айыптауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

23 қыркүйекте YouTube желісінде «Генерал МВД РК ограбил американца» атауымен ролик жарияланды. Онда Павлодар облыстық ІІД басшысы генерал-майор Амантай Әубәкіров «АҚШ азаматына тиесілі компания мен мейрамхананы рейдерлік жолмен тартып алды» делінеді.

«Мен - АҚШ азаматы Александр Ли. 2014 жылы Қазақстанға бизнес ашу үшін келдім, инвестиция құйып, жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын ашқым келді. Алматыда тұңғыш испан мейрамханасын ашып, алкоголь импорты мен көтерме саудасымен айналысатын компания аштым.

2017 жылы Павлодар облысының ІІД басшысы, Қазақстан ІІМ министрінің бұрынғы орынбасары Амантай Әубәкіров рейдерлік басып алу жолымен бизнесімді тартып алды. Оның қызы мен күйеу баласы компаниямның материалдық құнды заттарын иемденіп алды, ал әйелі алкоголь импортымен және көтерме саудасымен айналысатын компаниямды өз бақылауына алды. Олардың заңсыз әрекетінен келген шығын 69 миллион теңгеден асады», - деп мәлімдейді видеода Александр Ли.

23 қыркүйекте Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев АҚШ азаматының видеоүндеуіне қатысты пікір білдірді.

«ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті АҚШ азаматы А.В.Лидің Павлодар облыстық ІІД басшысы А.А.Әубәкіровтің заңсыз әрекеті туралы арызы бойынша тексеріс жүргізіп, оның барысында Әубәкіров пен оның отбасының Алматыда бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды деген айыптаулар расталмады.

2012 жылы үш азамат, оның ішінде Ли мен А.А.Әубәкіровтің әйелі С.С.Әубәкірова бірігіп ЖШС құрған. Біраз уақыт өткеннен кейін Ли құрылтайшыларға ескертпей ЖШС үлесінің 50 пайызын келісімшарт негізінде үшінші тұлғаға сый ретінде құжатқа қол қойған. Осыдан кейін құрылтайшылар арасында дау туған, дау әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.

2017 жылдың 1 желтоқсанында құрылтайшылар Лиге ЖШС ғимаратының жалға алу мерзімі аяқталғанын ескертіп, онымен әрі қарай әріптестікті тоқтату туралы айтқан. Өз кезегінде Ли полицияға арызданып, оларды ЖШС мүлкін рейдерлік жолмен тартып алды деп айыптаған, осы істің соталды тергеуі қазіргі уақытта азаматтық шағымдар бойынша сот шешімін шығару үшін тоқтатылған.

Сонымен қатар, С.Әубәкірова Лиді өз мойнына алған міндеттемелерді орындамауға байланысты алаяқтық әрекет жасады деп прокуратураға шағымданды, соталды тергеудің мерзімі де азаматтық даудың шешімін шығару үшін тоқтатылған. Екі қылмыстық іс те бақылауда, Лидің тарапынан түскен шағымды да прокуратура тексерді, тергеу органдарының тарапынан қылмыстық-процестік заңнаманы бұзу дерегі анықталмады», - делінген ІІМ ресми өкілінің жауабында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары