Арнайы тексеріс барысында елімізде балаларды діни бағытта тәрбиелеп келген балабақшалар анықталды. Бұл туралы сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында айтылды.
«Балаларды діни бағытта тәрибелеген бірнеше балақша анықталды. Барлығы да жұмысын тоқтатты. Олардың көбі Алматыдан. Қазір осындай тексерістерді жиі жүргізіп тұрамыз», - деді жиында сөз алған ҚР қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын.
Дереккөз: Sputniknews.kz