Жаңалықтар 25.09.2018 сағат 10:47  692

Алматыдағы ҚазҰУ жатақханасында бірінші курс студенті қайтыс болды

24 қыркүйек күні ҚазҰУ жатақханасында бірінші курс студенті Нұрдос Айтпаев қайтыс болды деп жазады NewTimes.kz.

Алматыдағы ҚазҰУ жатақханасында бірінші курс студенті қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Студенттің өлімі жайлы ағасы Серік Шанманов баяндап берді.

«Бізге дүйсенбі таңертең сағат 8:30-да қоңырау соғып, жағдайы нашар екенін айтты. Жедел жәрдем шақырған болуы керек. Сосын 15-20 минуттан кейін қайтыс болды деп хабарласты. Кейін оның жағдайы сағат 5 жарымнан бастап нашарлағаны белгілі болды. 3 сағат бойы не істеген сонда олар?», - деді Серік Шанманов.

Марқұмның туыстары оның өлімінің себебін білгісі келеді. Студенттің ағасы інісін есірткі қолданып қайтыс болды деп күдіктеніп отыр. Серік бауырының басына қиын жағдай келгенін, жанында болғандар бар нәрсені жасырып отырғанын айтады.

«Кеше ол сағат 5-ке дейін әпкемнің жанында болған. Сосын Арман деген бір жігіт қоңырау шалған. Сол Арманмен сөйлесіп тұрғанда Нұрдостың түрі бозарып кеткен. Соған қарағанда інімді қатты қорқытса керек», - дейді туысы.

Сондай-ақ ол Нұрдостың үлгілі оқушы болғанын, колледжде де жақсы білім алғанын айтады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар