Алматы әкімі Бауыржан Байбек Бенин Республикасының экономикалық орталығы болып табылатын Абоме-Калави қаласының мэрі Жорж Бадамен кездесті. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейту және қалаларды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мегаполис әкімі географиялық қашықтықта қатысты Алматы мен Бенин арасындағы экономикалық байланыстың шектеулі екенін, алайда мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтті.
Жыл сайын қалада халықаралық көлемде Spirit of Tengri, Star of Asia, халықаралық джаз фестивалі, оркестрлер парады сынды 50-ден астам шаралар өтеді, бұларға бениндік шығармашылық ұжымдардың қатысуы өзара байланысқа тың серпін беріп, достықты нығайтуға ықпал етер еді.
Өзінің сөзінде Жорж Бада Абоме-Калави қаласының халықаралық байланысты нығайтып, дамыған қалалардың үздік практикасын игеруге мүдделі екенін жеткізді.