Өскеменнің «Су арнасы» коммуналдық кәсіпорнында екі жұмысшы тірідей жанып кете жаздады деп жазады ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның екі қызметкері кәріз жұмыстарын орындап жатқан. Олардың бірі электр дәнекерлеуші болса, екіншісі - механик. Оқиға түнгі ауысымда болған. Қазір зардап шеккендердің екеуі де 1- қалалық аурухананың интенсивті терапия бөлімінде жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр, денелерінің 50% күйік шалған.
Компания басшылығы оқиға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болғанын айтуда.