Жаңалықтар 26.09.2018 сағат 10:28  478

Астана әкімі 7 жасар баланы құтқарған жігітке жарты миллион теңге сыйақы берді

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов 10-қабаттан құлап кеткен баланы құтқарып қалған Артем Каревті марапаттады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана әкімі 7 жасар баланы құтқарған жігітке жарты миллион теңге сыйақы берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қала басшысы астаналыққа 500 мың теңгелік сертификат табыс етті.

«Құрметті Артем Семенович, бұл таңданысқа тұрарлық әрекет. Бұл біздің азаматтарға қоғамға қалай әсер ету керектігінің мысалы. Мен өз атымнан, әкімдік және астаналықтардың атынан сіздің ерлігіңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Біз сізге өзіміздің қордан сыйақы беру туралы шешім шығардық. Әрине мұның барлығы баланың өмірін аман алып қалумен еш теңесе алмайды», - деді Бақыт Сұлтанов Артем Каревке.

Айта кетейік, Сарыарқа аудандық әкімдігі Артем Каревті марапаттаған еді. Бұл туралы аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметінің өкілі Бибігүл Абыддин Facebook желісінде жариялады. Суреттерте аудан әкімі Арман Тұрлыбектің жеті жасар баланы құтқарып қалған батырмен тілдесіп, теледидар сыйлағанын байқауға болады.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар