Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласынан жас келіншектің мүрдесі табылды деп жазады ҚазАқпарат.
«Ақтөбеде 26 жастағы келіншекке қатысты шақыру болды. Дәрігерлер сағат 10:19-да оқиға орнына барып, келіншектің өлімін ғана тіркеді. Ол жедел жәрдем барғанша жан тапсырған»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оқиға Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» ықшамауданында болды. Бұл оқыс оқиғаны қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желіге жариялаған.