26.09.2018, 12:20

Ақтөбеде 26 жастағы келіншек 9 қабатты үйден құлап мерт болды

Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласынан жас келіншектің мүрдесі табылды деп жазады ҚазАқпарат.

«Ақтөбеде 26 жастағы келіншекке қатысты шақыру болды. Дәрігерлер сағат 10:19-да оқиға орнына барып, келіншектің өлімін ғана тіркеді. Ол жедел жәрдем барғанша жан тапсырған»,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» ықшамауданында болды. Бұл оқыс оқиғаны қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желіге жариялаған.