Шымкентте полиция қызметкері қайтыс болды деп хабарлайды жергілікті ІІД-нің баспасөз қызметі.
25 қыркүйек күні Шымкент қаласы ішкі істер департаменті Әл-Фараби ішкі істер басқармасына жеке емханалардың бірінде қайтыс болған адам жайлы ақпарат келіп түскен.
«Тексеріс барысында қаза тапқан азаматтың Шымкент қаласы ІІД-нің қызметкері екені анықталды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ҚР ҚҚ-нің 317 бабы («Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарайды департаменттің баспасөз қызметі.