Астанада полицейлер жоғалып кеткен 16 жастағы студентті тапты деп жазады NewTimes.kz.
«Студент жұмыс істеу үшін оқуын тастап кеткен. Туыстарына қорқып хабарласпаған. Рұқсат бермейді деп ойлаған», - дейді полиция өкілі.
Жеткіншек қазір отбасымен бірге.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйек күні студенттің ағасы Әділ Медет інісінің жоғалып кеткенін хабарлаған болатын.