Жаңалықтар 27.09.2018 сағат 10:29  751

Енді бет тұмшалап киінгендерге айыппұл салынуы мүмкін

Елімізде бетті тұмшалайтын және экстремистік киім-кешекті киген азаматтарға 50 АЕК-тен (120 250 теңге) 500 АЕК-ке (1 202 500 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салыну ұсынылды деп хабарлайды Baq.kz.

Енді бет тұмшалап киінгендерге айыппұл салынуы мүмкін
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Аталған заң жобасында бетті тұмшалайтын және экстремистік киім-кешекті киген азаматтарға салынатын айыппұлдың мөлшері көрсетілген.

«Деструктивті діни ағымдарға жататынын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, киіп жүру және тарату – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 50 АЕК (120 250 теңге), 100 АЕК (240 500 теңге) жасауға алып келеді. Егер аталған әрекет бір жылдан кейін қайталанса, жеке тұлғаларға 200 АЕК (481 000 теңге), лазауымды адамдарға 300 АЕК (721 500 теңге), қызметіне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға 500 АЕК (1 202 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», – делінген аталған заңның мәтінінде.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар