27.09.2018, 12:17

Түркістан облысында 76 жастағы қария келінімен не үшін төсектес болғанын айтты

Түркістан облысында 76 жастағы қария неліктен келінімен төсектес болғанын түсіндіріп берді. Қарт кісі бұл жағдайға мүгедек ұлының отбасын сақтап қалу үшін барғанын айтады деп жазады topnews.smi.one.

Келінімен төсектес болған қайын атаның оқиғасы көпшіліктің жағасын ұстатты. Бұл оқиға осыдан үш бұрын яғни, 2015 жылы басталған. Осы жылы 76 жастағы қарт кісінің мүгедек ұлы шаңырақ көтеріп, отбасы келін түсіреді.

76 жастағы қария тумасынан мүгедек. Нақтырақ айтқанда, ақыл есінде кемістік бар.

«Келінім шаңыраққа түскенде маған көңілін байқадым. Бір күні жағдайларын білу үшін, ұлымның үйіне бардым. Барсам үйде келінім ғана екен. Келінім маған «Ата, ұлыңыз мүгедек, төсекке жарамайды. Мен әйел болып жаратылғандықтан, табиғатым ара-қатынасты қалайды. Ал ұлыңыз мүгедек» деп мені бірден аймалай кетті», -дейді келінімен төсектес болған қайын ата.