$ 482.86  533.17  5.08

Румыния соты біржынысты некеге рұқсат берді

Румынияның конституциялық соты біржынысты жұптардың отбасын құра алатыны, ал олардың арасындағы қатынас гетеросексуалды адамдардың бірге тұруы сияқты қабылданатыны туралы қаулы шығарды. Бұл туралы France Presse агенттігі хабарлады.

Маусымда Люксембургтегі Еуропа Одағының (ЕО) соты ЕО елдерін жұбайында Еуропа елінің азаматтығы жоқ адамдарға ықтиярхат беру үшін біржыныстылар некесін мойындауға міндеттейтін шешім шығарған. Сот шешімі бойынша, біржыныстылар некесі мойындалмаған елдер де мұндай жұптарға ықтиярхат беруі тиіс. Бұған Бельгияда біржынысты некеге отырған АҚШ пен Румыния азаматтарының басына түскен жағдай себеп болды.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары