Америкалық танымал актриса және әнші Дженнифер Лопес өзінің Instagram парақшасында фотошоп жасалған суретін жариялап сынға қалды деп жазады Stan.kz.
Танымал әнші жанкүйерлеріне шыныққан қолы мен арқасын суретке түсіріп, көрсетіп мақтанды. Лопес сонымен қатар, суреттің астына өзіне күшті болуға және жаттығу арқылы ең жақсы физикалық пішінге қол жеткізуге уәде бергенін жазған. Алайда, оқырмандар актрисаның бұлшық еттерді фотошоп арқылы көтергенін байқап, неше түрлі жағымсыз пікірлер жазды.
«Не деген жалғандық! Сізден мұндайды күтпеппін. Сенің денеңнің әрбір дюймі фотошопталған. Достар көздеріңді ашыңдар! Бұның фотошоп екені анық көрініп тұр ғой»,- дейді желі қолданушысы.
«Егер жақынырақ ұлғайтсайыз қай жерлерге фотошоп жасалғаны анық көрінеді», – деді тағы басқалары.
«Сен бізді спортпен шұғылдануға шақырып, өзің елді алдайсың! Өтірік жақсы көрінуге тырысасың», – дейді тағы бір оқырман.
Дегенмен, желі қолданушылары қандай пікір жазса да қазіргі уақытта Лопестің Instagram парақшасындағы суреті 3 миллионға жуық лайк жинаған.