$ 448.15  483.46  4.86

«Бұлар қашанғы басына береді»: Танымал заңгер Астанадағы қытайша жазуларға ашуланды (ВИДЕО)

Елімізге танымал заңгер-алдвокат Абзал Құспан Астанадағы құрылыс алаңдарындағы қытай иероглифтерін заңсыз ілінген дегенді айтып отыр. Айтуынша, бұл жерде ҚР Тіл туралы заңының екі бірдей бабы өрсекел бұзылған.

Заңгер сөзіне дәлел болсын деп, осынау жайтты видеокамераға түсіріп алыпты. Видеокадрлардан құрылыс алаңынан тек қытайша жазуларды ғана көруге болады.

«Бұл жерде, "Тіл туралы" ҚР Заңының 19, 21 бабының талаптары өрескел бұзылғандығы туралы айтудың қажеттілігі жоқ та шығар. Әрине, бұл мәселе де жақында шешімін табатын болады, өйткені заң біздің жақта, бірақ шетелдіктер тарапынан осындай басынушылық әрекеттер қашан тиылмақ?» - деп жазды Абзал Құспан өзінің Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, елімізде жұмыс істеп тұрған Тіл комитетінің де жұмысын сынға алды.

«Осы біздің елде Тіл комитеті, оның жергілікті департаменттері не үшін құрылған өзі? Қашан көрсек, тіл мәселесін қазақтілді журналистер мен қоғам белсенділері көтеріп жүреді, ендеше бізге осындай шарасыз Тіл комитеті сияқты формальды құрыла салған мекемелер неге керек? Сұрақ көп, жауап жоқ», - дейді А.Құспан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары