$ 444.14  477.05  4.85

Ақтөбеде оқушыға қол көтерген инспектор жұмыстан босатылды

Ақтөбеде № 2 орта мектебінде оқушыны ұрып-соққан инспектор құқық қорғау органдары қызметінен айырылуы мүмкін деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Ақтөбенің № 2 орта мектебінде оқиын оқушының ата-анасының арызы бойынша, Ақтөбе облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізілді. Соның қорытындысы бойынша, кәмелет жасқа толмаған балалар ісі бойынша жұмыс істейтін инспектор, полиция лейтенанты С. Ермағамбетовке ішкі істер органдарынан босатылуы туралы хаттама ұсынылды», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ, Ақтөбе ІІБ Ілек полиция бөлімшесінің басшысы қатаң тәртіптік жазаға тартылады.

Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында Ақтөбедегі № 2 орта мектебінде инспектордың сабаққа мектеп формасын кимеген оқушыны ұрып соққаны туралы хабарлама жарияланған. Бұл оқиғаның 22 қыркүйекте болғаны айтылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары