Жаңалықтар 29.09.2018 сағат 05:45  3613

«Үшеуі бірге істеген»: Жамбыл тұрғыны қызының өліміне марқұмның қайын жұртын айыптады

Жамбыл тұрғыны қызының өліміне құдағиын айыптады. Ажалдың арты дауға айналды. Жамбылда жұмбақ жағдайда көз жұмған Гүлнұр Тұрдалының анасы бұл үшін құдағиын айыптайды. Оның айтуынша, құдағиы келініне пышақ сұғып өлтіріп, кейін оны өзіне қол салғандай етіп көрсеткен көрінеді. Қайғыдан қан жұтқан ана перзентінің суицид жасағанына сенбейді. Сондықтан қызының енесін қамауға алуды талап етеді КТК телеарнасы.

«Үшеуі бірге істеген»: Жамбыл тұрғыны қызының өліміне марқұмның қайын жұртын айыптады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Гүлнұр Тұрдалы келін боп түскен үйінде өткен айдың 18-і күні ажал құшты. Ұзатылғанына небәрі тоғыз ай болған жас келіннің кіндік тұсына пышақ кіріп көз жұмған. Ол өзіне қол салған дейді марқұмның енесі. Алайда марқұмның анасы, бұған сенбейді. Айтуынша оны енесі, қайынсіңлісі және күйеуі әдейі немесе жанжал кезінде абайсызда өлтіріп алған.

Отбасылық жанжалдан зәрезап болған Гүлнұрдың төркінінде 10 күн жатып келгені анықталды. Сол оралған күннің ертесіне қайғылы жағдай болған. Бауыр еті баласынан айырылған ана енді ақиқатына жете алмай зар жылап жүр.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар