$ 448.15  483.46  4.86

Республиканың кей жерлерінде күн күркіреп, жауын жауады деп күтілуде

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде күн күркіреп, жауын жауады, жел күшейеді оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Қазақстанның қалған аумағында күн райы ашық және ыстық болады, деп хабарлайды Казгидромет.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.  Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,  Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына келетін ағын бірте-бірте ұлғая түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары