Жаңалықтар 30.09.2018 сағат 04:29  629

БҚО-да ірі жол көлік апатынан бір адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында жеңіл авотокөлік пен автобус түйісіп, салдарынан бір адам көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат. Оқиға 29 қыркүйек күні түс ауа Орал-Атырау күре жолы бойында, Ақжайық ауданы аумағында болған.

БҚО-да ірі жол көлік апатынан бір адам қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Куә болғандардың айтуынша, «Мерседес» көлігі мен Атырауға жеткізілмек болған жаңа автобус соқтығысқан. Сондықтан онда жолаушылар болмаған.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты салдарынан «Мерседестің» жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды, жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. «Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде», - деді ІІД-ден.

БҚО-да жеңіл көлік автобуспен соқтығысты, жүргізуші көз жұмды

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар