Жаңалықтар 01.10.2018 сағат 04:59  536

Индонезия билігі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады

Индонезия 1 қазанда халықаралық қауымдастықтан жер сілкінісі мен цунами салдарын жоюға құтқарушылар көмегі мен гуманитарлық көмек сұрады деп жазады Азаттық.

Индонезия билігі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Индонезия президенті Джоко Видодо құтқарушыларға 28 қыркүйекте Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен одан кейін тұрған цунами салдарынан үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін арнайы техникалар керегін мәлімдеді. Ол сонымен қатар жанармай, электр қуаты мен азық-түлік тапшы екенін, себебі табиғи апаттан дүкендер мен сауда орталықтарының көбі жабылып қалғанын айтады.

Билік жер сілкінісінен жолдар бұзылғандықтан, аралдың көп жеріне бару қиынға соғып тұрғанын айтады.

Индонезия вице-президенті Юсуф Калла 30 қыркүйекте жолдары жабылып, байланыс үзілген қашықтағы елді мекендерден де адамдардың үйінділер астында қалғаны туралы ақпараттар түсіп жатқанын, сондықтан құрбандар саны «мыңдаған адамға»  жетуі мүмкін екенін хабарлаған.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар