Беларусь президенті демалыс күндерінде аса жемісті еңбек етті, деп жазады 24.kz.
Ол кенже ұлы Николай екеуі «Дрозды» резиденциясының маңынан 70 қап картопты жинап алды. Әкелі-балалы Лукашенко 1,5 сағаттың ішінде 18 сотық жерден «адам үшін екінші нан» саналатын өнімді жинап, қаптап шыққан. Жиналған картоптың барлығы балалар үйі мен қарттар үйіне жіберіледі. Естеріңізге сала кетсек, салауатты өмір салтын құруға үндеген Лукашенко отандастарын ет пен картоптан пісірілген тағамнан бас тартуға шақырған еді.