Астанадағы министрліктер үйінің маңында 2 автобус соқтығысып қалды. Бұл ақпарат Instagram-парақшасындағы astanovka98 тобында жарияланды.
Оқиға 2 қыркүйек күні Мәңгілік ел даңғылындағы «Министрліктер үйі» аялдамасында болған.
Видеода 2 қоғамдық көліктің бірінің алдынғы терезесі шытынағанын анық аңғаруға болады. Жол апатының неден болғаны әзірге белгісіз. Жапа шеккендер жайлы ақпарат жоқ.