$ 490.84  536.88  5.04

Атырау облысында 52 млн теңгенің мұнайы ұрланған

Атырау облысында биыл 14 мұнай ұрлау фактісі анықталды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл ақпарат Атырау облыстық прокуратурасында өңірдегі заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде айтылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы мұнай және мұнай өнімдерін жымқыру, сондай-ақ оларды заңсыз сақтау, тасымалдау және сатумен байланысты 35 қылмыс тіркелген. Оның 18-і сотқа жолданған.

Биыл 6 айдың ішінде осы санаттағы қылмыстардың 14 фактісі тіркеліп, оның бесеуі сотқа жолданған. Анықталған қылмыстар бойынша 52 миллион теңге залал келтірілген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары