Жаңалықтар 03.10.2018 сағат 03:09  585

Ирактың президенті сайланды

Күрдістан патриоттық одағынан кандидат Бархам Салех Ирактың жаңа президенті болып сайланды. Республика парламентінде өткен сайлау қорытындысы бойынша, Салехке 165 депутат дауыс берді. Дауыс беру барысын As Sumariya телеарнасы тікелей эфирден көрсетті деп хабарлайды ТАСС.

Ирактың президенті сайланды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отырысқа парламенттің 329 депутатының 301-і қатысты. Спикер Мухаммеду аль-Халбуси дауыс беруге қажетті кворумды үшінші әрекеттен кейін жинай алған. Дауыс берудің алғашқы раундында жеңімпаз анықталмады. Себебі кандидаттардың ешқайсысы дауыстың үштен бірін жинай алмады. Екінші раундтың қорытындысы бойынша ел президенттігіне кандидат көпшіліктің дауысына ие болуы тиіс болды.

«Бағдадтан түсіп жатқан ақпаратқа сәйкес, жаңадан сайланған көшбасшы  алдағы таяу уақытта елдің Жоғарғы федералды соты және парламентшілері алдында ант қабылдайды. Салех қолға алатын алғашқы міндет – премьер-министрді тағайындау және үкіметті жасақтауға мандат  беру», - деп жазады агенттік.

Дереккөз: Қазақпарат 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар