Қостанай тұрғындары көшеде оқушыларға он мың теңге ұсынып жүрген ер адамның өздерін алаңдата бастағанын жеткізді деп жазады alau.kz.
«Немереме бейтаныс ер адам он мың теңге және телефон бермекші болған. Сондай-ақ, өзімен бірге жүруін айтыпты. Ол уақытта немерем жаттығудан келе жатқан екен. Әлгі адамды телефон камерасына түсіріп алып, ары қарай қашып кетіпті», – дейді қостанй тұрғыны.
Қазіргі уақытта жергілікті полиция өкілдері анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.