03.10.2018, 08:52

Маңғыстау облысында төбелестен 25 жастағы жігіт мерт болды

Маңғыстау облыстық ауруханасында 25 жастағы жігіт мерт болды деп жазады Alau.kz.

30 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық ауруханасына екі белгісіз ер адам өлі жігіттің денесін әкеліп, кетіп қалған.

«1993 жылы туған азамат ауруханаға келмей тұрып өліп кеткен. Барлық тергеу істерімен Мұнайлы ауданының ішкі істер басқармасын айналысып жатыр», - дейді аурухананың қабылдау бөлімі меңгерушісі Айтқали Шалабаев.

Есімін жасыруды сұраған азаматтар Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында марқұмның бір жігітпен төбелескенін айтқан. Әлгі азамат оның кеудесін арматурамен ұрыпты.